Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында, В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтында, А.Айтмұхамбетв атындағы инженерлік-техникалық институтында студент жастар арасында суицидтік ниеттердің алдын алу және студенттердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында «Қауіпсіздік дәлізі. Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты дәрістер өткізілді.
Практикалық психология орталығының жетекшісі Татьяна Волошина шет елдердегі суицидтің алдын алу мәселесі туралы айтып берді, Қазақстан бойынша статистикаға тоқталды. Дәріс барысында суицидтердің себептері, суицидтік мінез-құлық белгілері қарастырылды. Сонымен қатар қиын өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау көрсету әдістеріне, өткір стресстік жағдайда өзіне-өзі көмек көрсету әдістеріне, депрессиялық жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Дәріс соңында өмірдегі қиындықтарды жеңуге деген оптимистік көзқарасты жетілдіру үшін өмірді басты құндылық ретінде түсінуге ықпал ететін позитивті бейнеролик студенттер назарына ұсынылды.