29 сәуірде Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы білім алушылардың назарын медиашығармашылыққа аудару, кәсіби бағдар беру жұмысының деңгейін арттыру, педагогикалық мамандықтарды таныту мақсатында «Ұстазға жол!» бейнероликтер конкурсын өткізді.
Жұмыстар тақырыпқа сәйкестік, визуалды сапа, дыбыстық сүйемелдеу, эстетика, креативтілік, кәсіби бағдар беру, регламентті сақтау сияқты критерийлер бойынша бағаланды.
Комиссия құрамында кафедра меңгерушісі Елена Ли, кафедра оқытушылары Шолпан Жандауова, Айман Султанбекова, Раушан Сатыбалдина, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының орыс және қазақ бөлімдерінің екінші курс студенттері Нұрзия Қамбарова, Елена Приймакова болды.
Жеңімпаздар лүпілдер мен қаралым саны бойынша анықталды, бонустық ұпайларды қазылар алқасы қосты.
Сайыс нәтижесі төмендегідей:
Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды, қалған қатысушылар «Ұстазға жол!» бейнероликтер конкурсына белсенді қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.