14-22 маусым аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған қабылдау комиссиясы жұмыс істеді. Комиссия құрамында Қостанай гарнизоны әскери полициясының өкілдері, Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдері, университеттің дене шынықтыру кафедрасы мамандары болды.
Талапкерлер психологиялық тестілеуден және дене шынықтыру бойынша сынақтардан өтті. Шешімді аттестаттау комиссиясы қабылдады. Комиссия жұмысы нәтижесінде әскери кафедрада оқуға 202 адам қабылданды, оның 162-сі запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша және 40 адам запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери білім алады. Мемлекет есебінен 96 адам оқытылады.
Іріктеуден сүрінбей өткен студенттер үшін сабақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.