Бүгін Сенат депутаты Жеңіс Нұрғалиев ҚӨУ-нің студенттерімен, қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында жуырда өтетін референдум, оның халық, мемлекет үшін маңыздылығы сөз болды. Конституцияның өзгеріс енгізілетін бабтары мен тармақтарына тоқталған депутат студенттерді ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенділік танытуларын, азаматтық ұстанымдарын білдіруді сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 ж. 16 наурызда ҚР-ның Президенті Қ.К. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда саяси реформалардың 10 басым бағытын айқындап, бұл бағыттар конституциялық өзгерістерде көрініс табуы үшін республикалық референдумға шығарған болатын. Осыған сәйкес маусым айының 5-де Қазақстан халқы Конституцияның 31 бабына өзгерістер мен 2 жаңа бап қосуды көздейтін референдумға қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді.