22 сәуір – халықаралық Жер күні. Бұл күні әдетте «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өткізіледі, негізгі мақсат - табиғи қорықтарды, ұлттық және табиғи саябақтарды, жалпы табиғатты, экологияны сақтау, қорғау. Акция Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының бастамасымен Қостанай облысында да бастау алды. Бірнеше жылдан бері директордың орынбасары Мария Зейнелованың жетекшілігімен «Саябақтар шеруі» акциясына оқушылар мен студенттерді тарта отырып, көшпелі жиындар ұйымдастырылып келеді.
Экологиялық акцияға Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының «География», «Биология және химия», «Химия және биология» ББ-ның 1 курс студенттері өз үлестерін қосты. Бүгін олар ұстаздарымен бірге ағаш отырғызып, университет аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – біздің мұрамыз, ата-бабаларымыздың, бүкіл адамзаттың бесігі. Ол біздің бір бөлшегіміз, табиғатқа зиян келтірсек, ең алдымен зияны өзімізге тиеді»,-деді студенттердің игі бастамаларына қолдау көрсету үшін Наурызымнан арнайы келген Мария Зейнелова.