object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 22:35:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

РЕВАКЦИНАЦИЯНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында көшпелі егу пункті жұмысын бастады, онда барлық ниет білдірушілер COVID-19-дан 3 екпе ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, ревакцинация - вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін жарты жылдан кейін өтетін процедура.

Университет ұжымы медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды ескергенде, вакцинациядан 100 пайыз өткен. Бүгінгі таңда қызметкерлер мен студенттердің бір бөлігі вакцинацияның 3 дозасын алды.

Қызметкерлерді ревакцинациялау үшін Vero Cell, QazCovid-in (QazVac), ал 60 жастан асқан қызметкерлер үшін - "Комирнати" вакцинасы (Пфайзер) ұсынылады.

Коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитетті күшейту мақсатында университетте ПОҚ және студенттер арасында COVID-19-дан ревакцинация қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі, ревакцинацияға жататын тізімдер қалыптастырылады.

Деніңіздің саулығы өз қолыңызда!

Қабылдау комиссиясы