Skip to content

Ревакцинация туралы не білеміз?

«Омикрон» штаммының пайда болуына байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Бірақ коронавируспен күрес жүйелі түрде жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемияға және коронавирустық инфекцияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы» Жарлығы негізінде А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і қызметкерлерді COVID-19-дан жұмыс орнында қайта вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жасауда. Осы мақсатта қайта вакцинациялануы керек қызметкерлердің тізімдері қалыптастырылды, медициналық пункт базасында учаскелік егу орталығы ұйымдастырылды, жұмысқа Ashyq жобасы арқылы «Жасыл» қауіпсіз мәртебесі бар қызметкерлер ғана жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, COVID-19-ға қарсы ревакцинация бастапқы вакцинациядан 6 айдан кейін жүргізіледі.

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру