object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 20:21:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Референдумға дайындық

Бүгін референдумға дайындық аясында университеттің мәжіліс залында «Саяси жаңғыру - жаңа Қазақстанды құрудың шарты ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Сотников қатысты. Ол өз сөзінде алдағы референдумның бүкіл Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, ҚР Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды. Студенттер де пікірталасқа ат салысты, студент жастардың ел болашағы үшін референдумға қатысуы керектігін атап өтті. Дөңгелек үстел соңында студенттер қызықты диалог үшін Сергей Николаевичке алғыстарын білдірді, ал ол өз кезегінде жастарға сәттілік тіледі.

Қабылдау комиссиясы