Ауыл шаруашылығы институтының директоры Алмабек Нұғманов және «Рухани Жаңғыру және Қазақстан халықтары Ассамблеясы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Алмасбек Әбсадық ҚР Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды.
Алмабек Нұғмановтың зерттеу тақырыбы – «Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы тозған жайылымдарды қалпына келтіруге арналған поливидтік агрофитоценоздар жүйесі», Алмасбек Әбсадықтың зерттеу тақырыбы – «А.Байтұрсыновтың ауыл мектептеріндегі ағартушылық және қоғамдық қызметі (жаңа мұрағат және өлкетану материалдарының негізінде, қайраткердің беймәлім мұралары бойынша)».
Ғылыми жобаларды іске асыру мерзімі 2021 жылдан 2023 жылға дейін 12 айды құрайды.
Ғылыми зерттеулердің тақырыптары қазіргі заманауи жағдайда ерекше өзектілікке ие. Жоба нәтижелерінің табыстылығына және олардың іс жүзінде қолданыс табатындығына сенімдіміз. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!