object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-16 20:37:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Педагогтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бүгін Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді. Оған 300-ге жуық түлек пен Қостанай облысының қалалары мен аудандарының білім беру мекемелерінің 136-дан астам басшысы қатысты.

Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жас мамандар мен жұмыс берушілердің арасында сұқбат алаңын құру, түлектерді жұмысқа орналастырудың ықтимал тәсілдері туралы хабардар ету.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер өз мекемелеріндегі бос орындарды ұсынды, кафедра өкілдерімен және 2022 жылғы университет түлектерімен әңгімелесті. Сондай-ақ, мектеп директорлары таратылған буклеттегі QR-код арқылы университет сайтындағы түлектердің түйіндемелерінің электрондық базасына автоматты түрде қосыла алды.

Бүгін түлектерге 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Облыс мектептеріне 79 математика пәні мұғалімдері, 54 ағылшын тілі, 39 орыс тілі мұғалімдері, 38 бастауыш сынып мұғалімдері және 28 МДО тәрбиешілері, 23 физика пәнінің, 28 қазақ тілі, 18 информатика, 17 химия мұғалімдері, 14 музыка пәнінің мұғалімдері жетіспейді. Айта кету керек, кейбір мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарының саны түлектер санынан асып түсті.

Бүгін өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша 18 түлекке жұмысқа жолдама берілді және бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 50-ге жуық жас маман жұмысқа шақыру алды. Алдын-ала болжам бойынша, қазіргі уақытта педагогикалық институттың түлектерін жұмыспен қамту көрсеткіші 50% құрайды.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлайды. Біздің түлектер мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында сұранысқа ие. Педагогикалық институт түлектерін жұмысқа орналастырудың жыл сайынғы көрсеткіші 90% – дан асады. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021 жылы жүргізген талапкерлердің мамандықтар бойынша рейтингінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті үздік 10 ЖОО-ның қатарында.

2022 жылы университет 19 педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 436 жас маманды даярлап шығарды. Оның ішінде 239 студент мемлекеттік білім гранты бойынша, 197 түлек өз қаражаты есебінен білім алды. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 30 түлек ұстаз атанады.

Қабылдау комиссиясы