1 қыркүйек – Білім күні. Бұл күннің мектептер мен жоғары оқу орындары үшін маңызы зор. Биыл университетіміздің табалдырығын 2 700 студент аттады. Оқу ордасы білім алушыларына әлемдік стандарттарға сай сапалы, заманауи білім береді. ҚӨУ-і – ЭРАЗМУС+ халықаралық жобасының республикадағы көшбасшысы, Университеттің білім беру бағдарламаларының 70%-ы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республиканың ЖОО-ы арасында жүргізетін рейтингінің үздік ондығына енеді.
Түлектерді жұмыспен қамту қазіргі уақытта кадрлардың сапасын бағалаудың маңызды критерийі болып саналады. Бізде түлектердің 100% жұмыспен қамтылған.
Бүгін Қостанай өңірлік университеті білім күніне орай мерекелік шара өткізді. Онда оқу орнының ректоры Алма Дощанова студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, «жаңа толқынға» бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар Алма Іргебайқызы екпе алған студенттер мен университет қызметкерлері арасында түрлі жеңілдіктер мен «Сосновый бор» шипажайына жолдама ұтып алғандарға сертификат табыстады. Салтанатты шара мерекелік концертпен, отшашумен жалғасты.