object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 01:53:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оқытушылар стресті жеңілдету әдістерімен танысты

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Практикалық психология орталығының жұмысы аясында Татьяна Волошина Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың кураторлары үшін «Стресс-менеджмент. Эмоционалды күйзеліс» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс нәтижесінде қатысушылар стресті жеңілдетудің бірегей әдістерін үйренуге және стрессті басқарудың әртүрлі әдістерін тиімді қолдану дағдыларын бекітуге мүмкіндік алды. Іс-шара барысында қатысушылар стрестің белгілері мен себептері, өткір стресстік жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпаратпен танысып, стресске қарсы өмір сүру ережелерін үйренді.

Қатысушылар алған білімдерінің болашақта жұмыс барысында пайдалы болатынын айтты. Әсіресе оқытушылар практикалық жаттығуларды атап өтті, өйткені бұл жаттығулар олардың кәсіби қызметінде стресске төзімділік пен оптимизмді қалыптастырады.

Қатысушылар берілген ақпараттар үшін үлкен алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай тренингтерге қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. 

Қабылдау комиссиясы