Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Харяков пен оның орынбасары Раушан Байсаринаның көмегімен «Ұмытпаймыз, бағалаймыз!» деген атаумен Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай акция ұйымдастырды. Соғыс ардагерлеріне көмек көрсету акциясын өткізуге Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мұрындық болды. Акцияны институт директоры Тілеген Ахметов пен басқа да оқытушылар қолдады. Олар тыл ардагерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстап, қарияларға зор денсаулық тіледі, ерен ерліктері үшін алғыстарын айтты.
Еңбек ерлері де көрсетілген ілтипат пен оқытушылардың ізгі ниеттеріне ризашылықтарын білдірді.
Шара өскелең ұрпақтың бойында тарихи сауаттылық пен патриоттық сезімді, соғыс жылдарында орын алған тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.