П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының экономика және қаржы бөлімінің түлектері Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жыл сайынғы «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Іс-шара барысында олармен Департамент басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин әңгімелесіп, мемлекеттік кірістер органдарының жұмысымен таныстырды. Ол өз сөзінде мемлекеттік кірістер органдарының жүйесін ұйымдастыру және қалыптастыру мәселелеріне тоқталды, жұмыс жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатындағы Департамент қызметінің міндеттері туралы айтты.
Департаменттің бөлім басшылары түлектерді салық және кедендік әкімшілік бөлімшелерінің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ Департамент ғимаратына, спорт алаңдарына экскурсия жасалды.
Бастысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ниет білдірген түлектердің түйіндемелері Департаменттің кадрлық резервіне енгізілді.