object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-28 14:45:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мектеп оқушыларымен кездесу

21 және 22 қыркүйек күндері Қостанай ауданының Совхозный жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары мен Рудный қаласының 10-11-сынып оқушылары үшін оқу кабинеттеріне, зертханаларға, А.Байтұрсынұлы мұражайына және археологиялық зертханаға қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу барысында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция подполковнигі Әлібек Табулденов оқушыларға университетке түсу шарттары, оқу орнының ерекшеліктері, институттың білім беру бағдарламалары, ғылым, оқу үдерісін ұйымдастыру, қызықты студенттік өмір туралы айтып берді. Халықаралық құқық» бағдарламасының 4 курс студенті Аружан Сәрсенбаева да сөз сөйлеп, оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы жетістіктерімен бөлісті.Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында мектеп оқушыларын мұражай меңгерушісі Қалқаман Жақып пен қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Ералина қарсы алды. Олар университетіміз есімімен аталатын қазақтың ұлы ағартушысы, тіл жанашыры, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының кәсіби және өмір жолы туралы қызықты, әрі мазмұнды мәліметтер берді.

Археологиялық зертханада Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ирина Шевнина мен кафедраның докторанты Алмас Жәлелов балаларға Қазақстан аумағындағы тұңғыш адамның пайда болу тарихы, аймақ тұрғындарының шаруашылық ерекшеліктері мен мәдениеті туралы баяндады.

Оқушылар бірінші курс студенттерінің студенттер қатарына қосылу салтанатының куәсі болды.

Экскурсия қызықты, мазмұнды өтті, оқушылардың кейбірі ҚӨУ-не түсуге ниетті.

Қабылдау комиссиясы