object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 13:12:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Медиаэтика және медиасауаттылық

12 мамыр күні Қостанай өңірлік университетінде «Қазақстандық Медиа Желі/Kazakhstan Media Network» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен медиаэтика, журналистің моральдық кодексі және редакциялық саясат тақырыбтарында тренинг өтті. Тренингке Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары мен студенттері, оқу орнының Медиа-орталығының мамандары және облысық БАҚ журналистері қатысты.

Семинар-тренинг спикерлері – Ресейдің «Новая газета» сайтының редакторы Вячеслав Половинко мен медиасарапшы Бақтыгүл Бурбаева. Олар журналисттердің базалық принциптері, медиаэтика, өз-өзіне қол жұмсау, харасмент, сондай-ақ бүгінгі күні орны алып отырған «ақпараттық соғыс» туралы айтып, шыншыл ақпарат пен жалған (фейк) ақпаратты айырудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің оқытушысы, журналист, көркемсөзші, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәпқызы Zoom бейнебайланысы арқылы эфирге шығып, қазақстандық журналистиканың қазіргі жағдайы жөнінде баяндады.

Тренинг соңында іс-шараға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері мен студенттерге естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Қабылдау комиссиясы