object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:54:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мамандықты жетілдіруге байланысты ынтымақтастық

28 мамырда Білім берудің барлық деңгейлерінің МЖМБС-на сәйкес құрастырылған бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша вебинар өтті. Онда «Білім беру» саласының салалық біліктілік шеңбері; "Педагогтың кәсіби стандарты» мәселелері қаралды. Сондай-ақ жұмыс берушілермен 2021-2025 жылдарға арналған "6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы, 2022-2026 жылдарға арналған "6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы пәндерінің базасын өзектендіру және жаңарту қажеттілігі, жұмыс берушілердің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін қалыптасқан пәндік құзыреттерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Вебинарды ұйымдастырған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тілдер мен әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Татьяна Пчелкина және тілдер мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, орыс тілі мен әдебиеті магистрі Қарлығаш Бримжанова.

Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін жоспарға енгізілген пәндердің маңыздылығы туралы пікірлерін, тілектері мен кеңестерін айтты. Вебинарға қатысушылардың қызықты әңгімесі мамандық бойынша бағдарламаны құрудың шығармашылық процесі, оны жетілдірудің перспективалары туралы айтуға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы