object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-16 16:20:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«KRU VISION» вокалдық байқауы

ҚӨУ атақты Eurovision ән байқауының қағидаларына негізделген «KRU VISION» жаңа вокалдық байқауын өткізді.

Іс-шара алдағы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орайластырылды, сондықтан байқау Қазақстандағы ұлт өкілдерінің достығы мен бірлігін дәріптеді.

Алдын-ала іріктеу нәтижесінде финалдық сайысқа 7 өнерпаз жолдама алған болатын. Олар Қазақстан, Ресей, Украина, Шешен Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания елдерінің атынан шығып, сол елдің тіліндегі шығармаларды орындады. Өнерпаздар өздері таңдаған шығармаларын лайықты дәрежеде орындап, ерекше нөмірлер көрсетті.

KRU VISION байқауы жеңімпаздарды ерекше форматта таңдады. Қазылар алқасының шешімімен қатар, үздік дауысты таңдауға көрермендер де атсалысты. Интерактивті экранда ұсынылған QR кодты сканерлеу арқылы көрермендер ұнатқан әншісіне дауыс бере алды.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен педагогикалық институттың 1 курс студенті Жасұлан Ханқожаев (Ұлыбритания) үздік вокалист атанды. Ал, тыңдармандардың пікірінше үздік дауыс иесі ауылшаруашылық институтының 3 курс студенті (Түркия) Анжелика Кайгородцева деп танылды.

Қабылдау комиссиясы