Қалалық балалар шығармашылық мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әкім кубогы-2021» КВН-ның финалдық ойыны өтті.
Жылдың ақтық ойынына фестивальдердің жеңімпаздары: мектеп оқушылары, студенттер, жұмысшы жастар қатысты.Ең мықты 9 команда бас жүлде – Әкім кубогы үшін күресті, сондай-ақ 1, 2, 3 орындарды иеленген командалар 300, 200 және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға, қалғандары қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ атынан «Dеndy» КВН командасы қатысып, 3-орынды Меңдіқара ауданының командасымен бөлісті, осылайша екі команда 50 000 теңгеден алды. Ал «Үздік актер» номинациясын ҚӨУ-нің Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы Байболат Сегізбаев жеңіп алды.