object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:09:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Инженерлік-техникалық институтының аруы мен сұлтаны анықталды

Бүгін А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институты «Мистер және Мисс ИТИ – 2021» байқауын өткізді. Сайысқа 6 жұп қатысты. Олар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық нөмір, би, сәнді киімдермен дефиле сайыстарында өздерінің дайындықтарын көрсетті.

Байқауды тамашалауға жиналған көрермен қатысушы қыздар мен жігіттердің өнерлеріне тәнті болды. Олар ән де айтты, би де биледі, өздерінің ақылды, білімді екендерін де көрсете білді. Ал оларды құрамында ҚӨУ-нің Жастар ісі жөніндегі комитет басшысы Нұрмұхан Мұқашев, Қалалық мәслихат депутаты, «Жас Отан» ЖҚ-ның Қостанай облысындағы төрағасы Серік Манасбаев, ҚӨУ-нің студенттер мәдениет үйі меңгерушісінің орынбасары Жалғасбек Шокенов, ИТИ студенттік активінің көшбасшысы Алина Борунова және жайдарманшы, «Қостанай» телеарнасының жүргізуші-редакторы Бақытжан Әлкебаев бар әділ қазылар алқасы бағалады. Сайыс нәтижесі төмендегідей:

«Мисс және Мистер ИТИ» атағы Сейдікәрім Жанаділ-Қожа мен Нұргүл Құрбанбекке берілді. Екінші орынға Расул Әбілмәжінов пен Алтынай Давлетгалиева лайық деп танылды. «Дарынды жұп» номинациясында Дамир Серік пен Юлия Азясева жеңіске жетті, сонымен қатар олар «Көрермендер көзайымы сыйлығын» иеленді. Бұл номинацияның жеңімпаздары Instagram желісінде дауыс беру арқылы анықталды, олардың жұптары 700 лайк жинады. 

«Ең сезімтал жұп» Андрей Доспаев пен Анастасия Андрейченко болды. «Ерекше жұп» - Андрей Казеев пен Вероника Сучилова. Александр Блинова мен Ақкенже Қасқырбай «Сүйкімді жұп» деп танылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Асар асуларыңыз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы