object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 15:11:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Грек-рим күресінен универсиада жеңімпаздары анықталды!

Грек-рим күресінен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің 2 студенті ХІ жазғы Универсиаданың жеңімпаздары атанды.

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен жарысқа 12 команда қатысты. Бұл қатарда біздің университет те бар. Тартысты сайыста ҚӨУ-нің екі бірдей студенті жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының 3 студенті Темірхан Байганин 2-орынды, ал педагогикалық институттың 3 курс студенті Константин Рахимов 1-орынды жеңіп алды.

Осындай жетістіктермен ҚӨУ-нің командасы биылғы жазғы универсиаданы тамамдады. Студенттеріміз биіктен көріне берсін!

Қабылдау комиссиясы