«Саяхат» клубының іс-шаралары аясында Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының «География» ББ-ның 1 курс студенттері «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД өлкетану геологиялық мұражайына барды. «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД бас маманы Вера Едигенова мұражайға экскурсия өткізді және студенттерді аймақтың пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарымен, олардың географиялық орналасуымен, географиялық қалыптасуымен, ашылу тарихы, сонымен қатар шикізат қорымен таныстырды, мұражайға қойылған минералдардың негізгі топтары туралы айтып берді. Бай экспозициялық қор студенттерге Қостанай облысының геологиясының қазіргі заманғы көрінісімен танысуға мүмкіндік берді.
Студенттер ақпаратты жадында тоқып, минералдар мен тау жыныстарын суретке түсірді. Олар экскурсия соңында «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен географиясы. Жалпы жертану» пәні бойынша тәжірибеде алған ақпаратты талқылады.