object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 23:00:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Филологтардың ашық есік күні

Ашық есік күні - талапкерлермен жүргізілетін жыл сайынғы жұмыс түрлерінің бірі. 28 сәуірде тілдер және әдебиет теориясы кафедрасы мектеп оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Ашық есік күніне әр өңірдің оқушылары қатысты: Қостанай қ. № 3, 10, 21 мектептері, Рудный қ. №12 мектебі, Жітіқара қаласының №3 мектебі және Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы. Сондай-ақ Қамысты, Әулиекөл, Меңдіқара аудандарының ауыл мектептерінің оқушылары, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарының 11-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу модераторы филология ғылымдарының кандидаты, тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Татьяна Пчелкина "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы, кафедра жетістіктері және педагогикалық кадрларды даярлаудың перспективалық бағыттары туралы айтып берді. Талапкерлер университет туралы, оқу үдерісі, студенттік өмір және оқудан тыс қызмет туралы өзекті ақпарат алды.

Кафедра түлегі, Қостанай қаласындағы № 2 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ирина Самохина мұғалім мамандығының маңыздылығы мен құндылығы, кәсіби қызметінің қиындықтарымен бөлісті.

Университет қабырғасындағы Студенттік өмір мен мамандық туралы барынша қызықты ақпарат беру мақсатында студенттер баяндама дайындады.

Сонымен, бірінші курс студенттері Орыс тілі мұғалімі мамандығын таңдаудың ең жақсы 5 себебін, мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы бейнеролик дайындады. 2 курс студенттері талапкерлерді күнделікті студенттік атмосферамен таныстыру үшін "студент өмірінің бір күні" бейнеролигін оқушылар назарына ұсынды. Үшінші курс студенттері университет қабырғасындағы өздерінің студенттік өмірлері туралы айтып берді. 4 курс студенті, ҚР БҒМ ғылыми жұмыстар конкурсының жүлдегері Марина Стригина өз тәжірибесімен бөлісті және болашақ мамандығында баға жетпес және сөзсіз пайдалы болатын зерттеу қызметіндегі алғашқы қадамдары туралы айтты.

Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары викторинаға қатысып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Қабылдау комиссиясы