15 сәуірде Экономика және құқық институтында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу ғашықтар күніне арналған «Мистер және Мисс – 2022» сұлулық пен таланттың байқауы өтті.
Бұған дейін, 4 сәуірде кастинг өтті, нәтижесінде бәсекеге қабілетті 4 жұп таңдалған болатын. Дайындық кезеңінде жұптар үшін тақырыптық фотосессия ұйымдастырылып, институттың әлеуметтік желілерінде «көрермендер көзайымы» байқауы жарияланды. Сонымен қатар жеребе тарту рәсімі өтіп, олар фильмнің жанрларын, байқауда жұптардың дефиле барысында көрсетуі керек ұлт анықталды.
Байқау 4 кезең бойынша өтті: таныстыру, ұлттық киімдегі дефиле, шығармашылық қойылым және жалпы би. «Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббат хикаясы», «Кездескенше», «Острые козырьки», «Кавказская пленница» фильмдерінен нөмірлер көрсетілді.
Көрсетілім алдында Жастар саясаты мәселелері басқармасының директоры Гүлнар Беркенова құттықтау сөз сөйледі.
Жұптарды бағалаған қазылар алқасы: Гүлнар Беркенова – жастар саясаты департаментінің директоры; режиссер-жеткізуші, шоумен, ҚӨУ-нің Студенттер мәдениет үйі басшысының орынбасары Жалғасбек Шөкенов; Карина Теклюк – «Росмодель» модельдік агенттігінің және «Свои Люди» ивент-агенттігінің директоры, ол сонымен қатар «Mart Fashion Week» байқауының қоюшы режиссері және «Мисс Қостанай 2018» сұлулық байқауының продюсері; Әли Мәулен - «Фисташка» отбасылық мейрамханасының директоры; Диана Бисенова – «Лотос» косметологиялық студиясының жетекшісі, «Татар қызы» облыстық байқауының жеңімпазы; Бақыт Жанбатырова – облыстық жастар мемлекеттік жобаларының үйлестірушісі, Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің басшысы.
Сайыс нәтижесі төмендегідей:
Эрик Бусыгин мен Меруерт Нұрмұхамедова Мистер және Мисс «Шабыт» номинациясына ие болды.
Әлішер Ибрагимов пен Анастасия Баженова ерекше жұп атанды.
Вице-Мистер және Мисс атағына Константин Живулько мен Лана Анищенко лайық деп танылды. Сондай-ақ олар көрермендер көзайымы номинациясын да жеңіп алды.
Ал Экономика және құқық инстиутының «Мистер және Мисс» атағы ең дарынды жұп ретінде танылған Мәди Төлеген мен Мадина Смағұловаға берілді.
Барлық жұптар дипломдармен және демеушілер ұсынған сыйлықтармен марапатталды.