Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қостанай облысының танымал тұлғаларымен кездесті. Іс-шара қонақтары:
- Қырмызы Жаңбыршина – облыстық мәслихаттың депутаты, «Еуразиялық банк» АҚ ҚФ директоры, «Әйелдер күштері альянсы» үйлестіру кеңесінің мүшесі;
- Бауыржан Тибеев – облыстық мәслихаттың депутаты, бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, Велосипед қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Қалқаман Жақып – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры.
Қырмызы Сапарқызы кездесуге қатысушыларды еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Профессор Қалқаман Хасенұлы еліміздің тарихына баса назар аударып, қазақ тілінің, қазақ жазуы мен тіл саясатының өткені мен бүгініне талдау жасады. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің 30 жылдағы жетістіктері туралы айтып берді. Бауыржан Айдаболұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы еліміздің жетекші саяси партиясы – «Nur Otan» үшін мазмұнды болғанын атап өтті.
Сондай-ақ іс-шара барысында гендерлік теңдік, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мансаптық дамудың жеке желісін құру, салауатты өмір салтын қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесуді Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогика институтының Педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды.