В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты, «Агрономия» мамандығының 2 курс студенті Динара Әнуар Рамазан Тлеоф атындағы грант иегері атанды. Грантты ғалым-агрономның туыстары тағайындады.
Рамазан Тлеоф – Қостанай облысында ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым-агроном, көптеген марапаттарға ие, сонымен қатар Наурызым өңірінің «Құрметті азаматы» атағы бар.
Студенттерді іріктеу өткен жылы басталды. Барлығы 10 өтінім берілді. Іріктеу барысында студенттердің оқу үлгерімі, жеке жетістіктері, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы ескерілді. Ақырғы кезең – сұхбат, одан кейін құрамына Рамазан Тлеофтың туыстары кірген конкурстық комиссия шешім шығарды. Олар грантты Динара Әнуарға беру туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Грант бір жылға берілді, бірақ жыл сайын тағайындалады деп жоспарлануда.