object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 07:28:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Болашақ студенттермен кездесулер жалғасуда

2021 жылдың 21 қантар күні П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Амангелді ауданының орта мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу ZOOM платформасында өтті. Қатысқан оқушылар саны 70 адамды құрады.

Кездесу модераторы: Орал Такиров – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Институт директоры Алибек Табулденов Институтттың білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің                П. Чужинов атындағы экономика және құқық институты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және әкімшілік бөлімшесі болып табылады.

Институт қызметінің мақсаты - экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті кадрлар даярлау.

Институтта экономикалық, заң және гуманитарлық бейіндегі кадрларды даярлау жоғары білімнің 10 білім беру бағдарламасы бойынша және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 14 бағдарламасы бойынша күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандары, негізгі және қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Содан кейін спикерлер тыңдаушы аудиторияны институттың білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырды.

Бірінші болып экономика бағыттағы білім беру бағдарламалары ұсынылды. Экономикалық бағыттағы мамандықтар туралы экономика және қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Сеткалий Турежанов айтып берді. Сеткалий Уразович оқушылардың назарына «экономика», «қаржы», «құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламаларын ұсынды.

Содан кейін «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ ұсынылды. Аталған мамандықтар бойынша ақпаратты бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерүшісі Phd докторы Айдар Байкин ұсынды.

Кейін әлеуметтік бағыттағы білім беру бағдарламалары ұсынылды. «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша ақпаратты оқушыларға психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Аина Рахматулина ұсынды.

Сонымен қатар, оқушыларға «Құқықтану», «Халықаралық құқық» заң бағытының білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Мөлдір Байтасова ұсынды.

«Журналистика» білім беру бағдарламасы туралы ақпаратты журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, докторант Айсұлу Мұхамбетжанова ұсынды.

Кездесу соңында оқушыларға тәрбие жұмысы, студенттердің өмірі мен қызметі туралы, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер туралы ақпаратты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров таныстырды.

Барлық қойылған сұрақтарға институт директораты мен оқытушылары толық жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға Институт пен Университеттің әлеуметтік желілеріне сілтемелер жіберілді.

Осындай пайдалы кездесулер болашақта жалғастырылады деп үміттенеміз.

Қабылдау комиссиясы