object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 15:04:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Балалар мерекесі

1 маусым - балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні - халықаралық мерекелердің қатарында, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларына арналған мереке өткізеді. Биыл да 13 жасқа дейінгі 100-ге тарта бала мерекені бимен, ойындармен атап өту үшін университеттің ак залына жиналды. Көңілді ойын-сауықтан кейін балаларға дәмді түскі ас берілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Университеттің кәсіподақ комитеті және Жастар ісі жөніндегі комитет.

Қабылдау комиссиясы