28-29 қыркүйек күндері Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына арналған салтанатты шаралар өтуде. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысады. Облыс қонақтары: «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпаздары, еліміздің барлық өңірлеріндегі білім басқармаларының басшылары, солтүстік өңірдің ЖОО-ның ректорлары.
ҚР-ның министрі Асхат Аймағамбетов «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тирихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде болып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Министр алдымен университет қабырғасында құрылған «Sweet baby» балабақшасына барды. Балабақша «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттері үшін дуалды білім беру элементтері бар сабақтар бойынша тәжірибеден өту мүмкіндігін береді.
Одан кейін министр университеттің SMART-орталығындағы «КамАЗ күндері» көрмесін тамашалады. Agro-Skills кеңсесінде министр университет серіктестері - кәсіпорын өкілдерімен әңгімелесті, онда олар кәсіпорындар мен университеттің өзара әрекеттесу қажеттілігін талқылады. Атап айтқанда, олар біздің университет көптеген жылдар бойы серіктестік қарым -қатынас сақтап келе жатқан «СарыАркаАвтопром» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС, «Село лесное» ЖШС-і сияқты кәсіпорындардағы біздің түлектерге сұраныстың артқандығы туралы айтты. «KAMLITKZ» ЖШС (КамАЗ ЖАҚ-ның еншілес ұйымы) бас директоры В.А.Пастушенко университет пен ірі кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Сондай-ақ «Машина жасау» мамандығының 2 курс студенті А.Кузнецов «КамАЗ» ЖАҚ (Набережные Челны қ.) зауытында өткен өндірістік тәжірибеден алған әсерлері туралы айтып берді. Сонымен қатар ІТ-орталықта КамАЗ ЖАҚ-тың өкілдері мен ЖОО студенттері кездесті. Кездесу барысында КамАЗ бен Қостанай қаласындағы компоненттер өндіру жобаларын дамыту және Набережные Челны, Қостанай қалаларында КамАЗ кадрларын даярлау мен дамыту мәселелері талқыланды.
Agro-Skills орталығында инженерлік орталықтың тұсаукесері өтті. Бұдан әрі министр университеттің аймақтық SMART-орталығы негізінде жұмыс істейтін IT-қауымдастықтың, Lab Network, IT және Co-working-орталықтарының жұмысымен танысты.
Министр Қостанай облысындағы жұмыс сапары барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің пікірсайыс клубтары («Ахмет ұрпақтары» және «Парасат») ұйымдастырған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Заманауи білімге деген көзқарас» тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турнирінің көрермені болды. Ойын соңында жеңімпаздарды марапаттады. Турнирге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Арқалық және Павлодар қалаларының командалары қатысты, 4 ЖОО-нан 16 үміткер. Пікірталас ЛД (Линкольн-Дуглас) форматында, 2 кезеңде өтті. Екі кезеңнен сүрінбей өтіп, жақсы ойын көрсеткен пікірсайысшылар минстрдің қолынан марапат алды:
1-орынды және турнир кубогын, сонымен қатар «Технодомның» 70 000 көлеміндегі сертификатын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Шуақ Таңатқанқызы жеңіп алды.
2-ші орынға және «Технодомның» 50 000 көлеміндегі сертификатына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Ералы Нұрхан лайық деп танылды.
3-ші орын және «Технодомның» 30 000 көлеміндегі сертификаты Е.Бөкетов атындығы Қарағанды университетінің студенті Өмірбек Каменұлына бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жеңістеріңіз көп болсын!