object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 17:14:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, «Саналы ұрпақ» қоғамдық қоры, аталған жоғары оқу орнының тілдерді дайындау орталығы мен латын әліпбиін дамыту әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің мамандары үшін «Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, «Тобыл-Торғай.кз» интернет сайтының атқарушы директоры Амандық Әмірхамзин, жоғары оқу орындарының, аудандар мен қалалардың тілдерді оқыту орталықтарының, білім бөлімдерінің тіл мамандары қатысты. 

Іс-шара барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, латын әліпбиінің артықшылықтары және ерекшеліктері мәселелері қамтылды, тіл мамандары соңғы әліпби нұсқасы туралы өз ойларымен бөлісті.  

Қазіргі таңда жетілдірілген әліпби жобасы туралы облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, сертификатталған тренер Айнұр Нұрбекова баяндап берсе, «Тобыл-Торғай.кз» интернет сайтының атқарушы директоры Амандық Әмірхамзин елімізде латын негізді әліпбиге көшу және жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды әлеуметтік желі арқылы ілгерілету тетіктері мен мүмкіндіктеріне тоқталды.

Қабылдау комиссиясы