object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:50:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Аялы жүрек» еріктілер клубына 5 жыл!

Университеттің акт залында «Аялы жүрек» еріктілер клубының 5 жылдығына және халықаралық еріктілер күніне арналған қайырымдылық концерт өтті, оған клуб түлектері, университеттің басқа студенттік бірлестіктерінің студенттері қатысты. Концерттен жиналған қаражат кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлық алуға жұмсалады.

Еріктілер клубын «NOMAD», «SAFARI» би топтары, Қазақстан халқы студенттік шағын ассамблеясы мен «Di_vocal» вокалдық студиясының өнерпаздары құттықтап, сахнада өрнерлерін көрсетті.

ҚӨУ-нің еріктілерін қолдауға М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-нің студенттері келді.

Жоғары оқу орны басшылығының атынан ең белсенді еріктілер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы