27 сәуірде Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы талапкерлерге, сондай-ақ олардың ата-аналарына және Қостанай қаласы мектептерінің мұғалімдеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – 6B01301-Бастауыш сыныптарды оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6B01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикалық білім беру бағдарламаларының артылықшылыктарын, ерекшелектерін, жетістіктерін насихаттау.
Кездесу барысында кафедра оқытушылары болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламаларының мақсаттары, міндеттері, мазмұны туралы мәлімет беріп, ақпараттық буклеттер таратты.
Кәсіптік бағдар бөлімінің бас маманы Эльмира Болатова 2022 оқу жылындағы қабылдау ережелері туралы түсіндіріп, туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барысында: «Табысқа қалай жетуге болады?», «Студенттік өмір студенттің көзімен» «сұрақ-жауап» сессиясы, ЖОО бойынша экскурсия өткізілді, сонымен қатар қонақтар назарына студенттердің «Өнер – әлемнің елшісі» көрмесі ұсынылды.
Кездесу соңында викторина өткізіліп, талапкерлерге университетіміздің логотипі бар атаулы блокноттар табыс етілді.