Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың акт залында неміс және еврей ұлтының балаларының арасындағы достықты бейнелейтін «Жолақты пижамадағы бала» (Мальчик в полосатой пижаме) фильмі көрсетілген қайырымдылық кино кеші өтті. Фильм Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шынайы жағдайды суреттейді. Сюжеттің моральдық мәні – мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар өзгеге ор қазбау керектігін жеткізеді.
Барлық жиналған қаражат А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институттың 1 курс студенті Анатолий Незнамовқа аударылды (диагнозы: Балалардың спастикалық церебральды сал ауруы).
Кино кеш барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізілді. Фильм көрсетілімінен кейін студенттер өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті.