19 мамырда білім басқармасы Қостанай облысы мектептері арасында ұйымдастырған «Адал ұрпақ» үздік үгіт-насихат клубы байқауының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасының құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, білім бөлімінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің қызметкерлері болды. Олар: Зәуре Әубәкірова - П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы, Карина Кистаубаева - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық келісім және сенім бөлімінің бастығы.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең - «Үздік үгіт-насихат тобы» таныстыру видеосы:
1 орын – Жітіқара қаласы;
2 орын – Рудный қаласы;
3 орын – Қостанай қаласы.
2 кезең - үздік әлеуметтік жоба:
1 орын - Ұзынкөл ауданы;
2 орын - Сарыкөл ауданы;
3 орын – Жітіқара қаласы.
3 кезең - «Мен өз елімнің патриотымын!» Сурет байқауы:
1 орын – Рудный қаласы;
2 орын - Меңдіқара ауданы;
3 орын - Наурзум ауданы.
Жітіқара қаласының клубы «Адал ұрпақ» үздік клубы болып танылды. Университет ұжымы байқауға дайындықтың жоғары деңгейін, сонымен қатар мектептің орта және жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тәрбиелеудегі зор үлесін атап өтті.
Осындай байқаудың жыл сайын өткізіліп тұруына тілек білдірді.