Skip to content

Қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне арналған тренингтер

28-29 маусым аралығында Психология және инклюзивті білім беру орталығы университеттің қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен тренингтер өткізді. Онда талапкерлермен сәтті қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Комиссия мүшелері жан-жақты және талапкерлерге түрлі мәселелер бойынша көмек қолын созуға дайын болулары керек.

Талапкерлермен дұрыс қарым-қатынас жасау, олардың қажеттіліктерін түсіну және сұрақтарына сауатты жауап беру үшін коммуникативтік білім мен дағдыларды игерген абзал. Сонымен қатар қабылдау комиссиясының қызметкерлері білім беру бағдарламаларынан хабары болғаны, 2021 жылғы оқуға түсу ережелерін егжей-тегжейлі білгені жөн. Сондай-ақ болашағына алаңдаулы мектеп түлектеріне психологиялық қолдау көрсете білу керек.

Тренингтер барысында алынған ақпарат қызметкерлерге талапкерлермен психологиялық байланыс орнатуға, позитивті көзқарас қалыптастыра отырып, сындарлы диалог құруға көмектеседі.

Тренингте университетті дұрыс таныстыра білудің маңыздылығы және ҚӨУ-не түсудің артықшылықтары туралы талқыланды.