object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 15:15:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Ақын, публицист Ақылбек ШАЯХМЕТ 70 жаста!

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Журналистика» мамандығының 25 жылдығы аясында оқу ордамыздың профессоры, ақын, жазушы, драматург, Қазақстанның құрметті журналисі, «Алтын қалам» иегері Ақылбек Шаяхметтің 70 жасқа толу мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция екі бөлімнен тұрды. Пленарлық бөлім «Ақылбек ШАЯХМЕТ – ақын, публицист» тақырыбы төңірегінде өтсе, екінші бөлім «Қазақстанның қазіргі журналистикасы және PR-дың өзекті мәселелері» тақырыбы аясында жалғасты. Конференцияға Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінің және Қазақстанның бірнеше ЖОО мен ғылыми орталықтарының ғалымдары мен білім алушылары қатысты. Жалпы 40-тан астам баяндама келіп түсті.

Іс-шара қонақтары ақынның шығармашылығына тоқталды, ғылыми жұмыстарының өзектілігін тілге тиек етті. Ақылбек Қожаұлы 50-ден артық кітап басып шығарған. Бүгін Ақылбек ағайдың тағы екі кітабының, «Күзгі көңіл» және «Оңашадағы оқшау ойлар» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Сонымен қатар мерейтой иесіне университет ректорының Алғыс хаты табысталды және «Университетке сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы