object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 19:43:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚӨУ-нің студенті – «Үздік жас ғалым - 2021» байқауының жеңімпазы

Ағымдағы жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық жас ғалымдар ассоциациясының ұйымдастырумен «Үздік жас ғалым - 2021» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас ғалымдарды қолдау, шабыттандыру.

Байқауға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің журналистика мамандығының 1 курс студенті Аяжан Шнетова «Журналистика» бағыты бойынша қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Жетекшісі - Журналистика және коммуникациялық менежмент кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Маркабаева. Жоба тақырыбы – «Ел имиджін қалыптастырудағы коммуникативтік стратегиялар».

Жеңімпаздардың ғылыми мақалалары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері жас ғалымдарының «Үздік жас ғалым-2021» кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жарияланады.

Қабылдау комиссиясы