object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 13:30:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚӨУ-де педагогика ғылымдары бойынша олимпиада өтеді

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Педагогикалық ғылымдар» дайындық бағыты бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасын өткізеді. Биыл олимпиаданың ұйымдастырушысы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, бұл құқықты біздің университетке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткен жылдар жеңімпазы ретінде берді (2019 ж. - 3 дәрежелі диплом, 2020 ж. - 1 дәрежелі диплом).

Олимпиаданың негізгі миссиясы: педагогика ғылымдары саласында кадрлар даярлау сапасын арттыру, талантты жас зерттеушілерді анықтау және қолдау.

Олимпиадаға Қазақстанның 9 жоғары оқу орындарынан 14 команда қатысады. Ертең, 21 сәуірде, сағат 11:00-де олимпиаданың салтанатты ашылуы, командалардың тұсаукесері және жеребе өтеді. Тапсырмалар ZOOM платформасында онлайн режимде орындалады. Олимпиаданың ұйымдастырушылары - Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы. Олимпиада 3 кезеңде өтеді.

Уақыты: 21 сәуір. 2021 11: 00 AM Алматы

ZOOM конференциясына қосылу

https://zoom.us/j/93907729271?pwd=SW5raXBvVnhibkNtR0hMZEFlQXNGdz09

Конференция идентификаторы: 939 0772 9271

Кіру коды: 817270

Қабылдау комиссиясы