object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-28 14:58:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і Қостанай облысы әкімдігінің әлеуметтік даму басқармасымен бірлесіп «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өткізді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарихшы ғалымдары қатысты.

2020 жылдың қарашасында Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Мұндай комиссия біздің облыста да құрылды. Оның құрамына А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің тарихшы ғалымдары енді. Комиссия мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарын құқықтық және саяси ақтау, Қазақстанның жазықсыз құрбан болған зиялы қауым өкілдері үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру біздің басты міндетіміз деп біледі. Бұған дейін қостанайлық тарихшылар байлардың, болыстардың мүлкін тәркілеу, 1929 жылғы Батпаққара көтерілісі және жер аударылған халықтар туралы монография жариялаған болатын. Семинарға қатысушылар аталмыш тақырыптарға баяндамалар оқыды.

Қазақстанның мемлекеттік және арнайы мұрағаттарында жұмыс істеп, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы тың құжаттарды тауып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген бейіттерінің виртуалды картасын кеңейтіп, заңсыз қудаланған азаматтар туралы мәліметтер базасын қалыптастыруға қомақты үлес қосып жүрген университетіміздің ғалымдарының еңбегін елемеске болмайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың жаңа перспективалық бағыттарын белгіледі.  

 

 

Қабылдау комиссиясы