object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:36:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Байтұрсынов оқулары-2021

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: XXI ғасырда қарқынды дамып келе жатқан мемлекетті құрудың жетістіктері мен сенімді негізі" атты жыл сайынғы «Байтұрсынов оқулары – 2021» Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияға тек университеттің ғалымдары ғана емес, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің, алыс-жақын шет елдердің, ТМД мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ғылыми және педагогикалық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Офлайн форматта, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай -өңірлік университеті ғалымдарының қатысуымен өткен пленарлық отырысты Ғылым, интернационализация және цифрландыру жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Гүлшат Шайкамал ашты.

Секциялар 6 бағытта жұмыс жасады: «Täuelsіzdіk tūğyry: тарих тағылымы және қазіргі заман»; «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру жағдайларына үндестігі мен сабақтастығы»; «Қазақстан халықаралық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда жаһандану жағдайында»; «Заманауи білім трендтері: тұлғаландыру, цифрландыру және ұлттық-мәдени кодты жаңғырту»; «Ғылым және техника: инновациялық  идеялар мен даму болашағы»; «АӨК зерттеу нәтижелерін практикада қолдану және коммерцияландыру». Аталмыш секциялар барысында 60-тан астам спикерлер білім мен ғылымның әр түрлі өзекті мәселелері бойынша ой қозғады.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты секциялар жұмысы онлайн форматта өтті.

Қабылдау комиссиясы