object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-16 15:49:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

Қостанайда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық дәрістер өтуде. Кеше Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Жобалық кеңсесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті. Бүгін университеттің SMART-орталығында «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Резада Баймұхамбетованың қатысуымен «Медиа кеңістігіндегі және жастар ортасында ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Талқылауға БАҚ өкілдері, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков пен «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Олег Гурский қатысты. Аталмыш шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды.

Екі күн бойы жергілікті қоғам қайраткерлері мен Елордадан келген қонақтардан құралған делегация өңірге шағын экскурсия жасады. Олар Успеновка ауылында болды, Федоров ауданында делегация этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті, сонымен қатар облыс орталығында «СарыарқаАвтопром» АҚ-да облыстық Аналар кеңесі көшпелі жиын өткізді. Сондай-ақ қонақтар мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және бизнес салаларындағы этностардың жетістіктері көрмесін де тамашалады. 

Қабылдау комиссиясы