Skip to content

Наурыз мейрамы қарсаңында...

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасы аясында куратор Светлана Машкова 2-3 курс студенттерімен бірге қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған онлайн кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара басында С.Машкова Ұлы даланың мыңжылдық тарихының қойнауынан бастау алатын мерекенің шығу тарихы туралы айтты. 2 курс студенттері Александра Головко мен Дмитрий Мушта қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнері туралы презентация жасады. Александра сарқыт, бесік той, тусау кесер, беташар, сүйінші сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтты. Дмитрий іс-шараға қатысушылар арасында ұлттық фольклор, Жәнібек пен Керей сұлтандардың ұрпақтарына тән ойындар мен жарыстар туралы викторина өткізді. Асқар Ахметов пен Яна Гаркуша Жамбыл Жабаевтың туған жерге, қазақ халқының ерлігі мен батылдығына арналған өлеңдерін оқыды. Одан кейін студенттер ақынның «Тоқтағұлға» өлеңіне Эльдар Мейірбековтың түсірген бейне-ролигін тамашалады.

Call center - 8 (7142) 93-10-10