Skip to content

Мұражайдағы тарих сабақтары

«Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Журналистика» және «Психология» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне «Қазақстанның қазіргі тарихы» пәнінен практикалық сабақ Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткізілді. Тарих кафедраның доценті Айбек Шалгимбековтің арқасында 1 курс студенттері Қостанайдың қалыптасу тарихымен, патша өкіметі жылдарындағы өлкенің өмірімен және Ұлы Жеңіске үлес қосқан соғыс қаһарман жерлестеріміздің және социалистік еңбек ерлерінің, қаланың ұлттық интеллигенциясы өкілдерінің естеліктерімен танысты.

Экскурсия кезінде ежелгі қазақтардың көшпелі өмір салты мен Қостанай аумағындағы неолит дәуірінің қалдықтарына да ерекше назар аударылды.

Экскурсия аяқталғаннан кейін студенттер алдында шығармашылық тапсырма тұрды: мұражайда өткен сабақ барысында зерттелген тарих тұлғаларының бірі туралы, не болмаса өткен беттер немесе мұражай экспонаттары жайында эссе жазу.

Оқытушының пікірінше, дәл осындай сабақтар форматы дәстүрлі сабақтармен бірге, жастардың бойында тарихи сана мен Отанның өткенін еске түсіруге мүмкіндік береді. Бұл жалған тарих пен мәңгүрттік проблемалары өткір тұрған қазіргі кезде өте маңызды.

Call center - 8 (7142) 93-10-10