object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 00:56:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Этносаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жангелді Шәукенов басқаратын философия кафедрасы жанындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы өткізді.

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табылденов онлайн-дөңгелек үстелді ашып берді.

Дөңгелек үстелге келесі шақырылған спикерлер қатысты: Оралбай Қабыл - философия кафедрасы басшысының міндетін атқарушы, Ринад Бектемиров - «Дуслық» Қостанай татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Сапарғали Әбдиев - Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бөлімінің бас маманы, Бектұрсын қажы Улиев - Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы, Виталий Клеба - Қостанай және Рудный епархиясының православие шіркеуі протоиерейі.

Онлайн-дөңгелек үстелге қатысуға мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері шақырылады.

Онлайн-дөңгелек үстел барысында спикерлер мен қонақтар этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту туралы пікір алмасты.

Қабылдау комиссиясы