Skip to content

Этносаралық және дінаралық араздықты қоздырудың қаупі мен салдары

18 ақпанда университеттің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында «Этносаралық және дінаралық араздықты қоздырудың қаупі мен салдары» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараны философия кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жангелді Шаукенов басқаратын философия кафедрасының этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы өткізді.

Онлайн-дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасы, этномәдени бірлестіктер мен конфессиялардың өкілдері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шараға шақырылған спикерлер:

  1. Мырзабек Туйганов - экстремистік идеологияға қарсы қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция майоры. Баяндама тақырыбы – «Ксенофобия жастардың радикалдану факторы ретінде»;
  2. Алмат Жүсіпов - Қостанай қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры;
  3. Сапарғали Әбдиев - Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бөлімінің бас маманы. Баяндама тақырыбы – «Әлеуметтік желілерде деструктивті діни бағытты насихаттайтын материалдардың қауіптілігі»;
  4. Бектұрсын қажы Уәлиев – Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы. Баяндама тақырыбы – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым»;
  5. Ғазиз Шаймерденов - философия кафедрасының доценті, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Тақырыбы: «Қазақстандағы діни қауіпсіздіктің кейбір аспектілері»;
  6. Марат Шалгимбаев - қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полиция полковнигі. Тақырыбы: «Әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі туралы».

Онлайн-дөңгелек үстел барысында спикерлер мен қонақтар әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық, рулық немесе діни араздықты қоздырудың алдын-алу мен болдырмаудың өзекті мәселелерін талқылады, олардың пайда болу сипатын анықтады, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға байланысты пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Call center - 8 (7142) 93-10-10