Skip to content

Бір шаңырақтың астында

Бүгін П. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының философия кафедрасы онлайн форматта Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында «Бір шаңырақтың астында» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл - философия кафедрасы жанындағы этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы жүргізетін дәстүрлі іс-шара, оны тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Жангелді Шаукенов басқарады.

Философия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Оралбай Қабыл құттықтау дөңгелек үстел қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі.

Іс–шараға арнайы спикерлер шақырылды. Олар:

Денис Качеев – оқу ордамыздың оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы. Баяндама тақырыбы: «Халық бірлігі - мемлекет тұрақтылығының негізі».

«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Гүлнара Латыпова «Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіру мерекесі, бейбітшілік, достық, келісім және толеранттылық күні» тақырыбында баяндама оқыды.

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімнің моделі ретіндегі көрінісін ашып берді.

Линара Қуанышбаева – П. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Н.Ә.Назарбаев қалаған ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі».

Онлайн дөңгелек үстелге қатысу үшін этномәдени бірлестіктердің өкілдері, П. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды.

Call center - 8 (7142) 93-10-10