object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 20:48:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Абай» кітабы әзірбайжан тілінде жарық көрді

Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай қазақтың ұлы ақынының кітабы әзірбайжан тілінде жарық көрді. Кітапқа Абайдың барлық өлеңдері мен дастандары, қара сөздері енгізілген. Абай шығармаларын аударған көрнекті әзірбайжан ақындары Эльхан Зал Қарахан және Ибрагим Ильясұлы.

Махмуд Қашқари атындағы халықаралық қордың атынан шығарылған аталмыш кітап осы қордың төрағасы Эльхан Зал және мәдениет жөніндегі Парламент комитетінің төрағасы Ганира Пашаеваның жобасы аясында жарық көріп отыр. Бұған дейін осы жоба бойынша Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Сәбит Досанов және Берік Шахановтың кітаптары шыққан болатын.

Кітапқа алғысөз жазған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры, шығыс филологиясы мен аудармалары кафедрасының меңгерушісі Княз Мирзоевтың сөзіне қарағанда бұл жинақ шет тіліне аударылған үздік кітаптар қатарынан орын алады.

Кітапқа сонымен бірге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, белгілі ақын Ақылбек Шаяхметтің және «Баку қаласында ұлы Абайға ескерткіш орнатылған Мына кітап Абайдың тағы бір ескеркіші деп есептеуге болады» деген пікір айтқан Ганира Пашаеваның Абай аудармалары туралы мақалалары енді.

Қабылдау комиссиясы