Skip to content

А.Байтұрсынов: Ұрпақтар үні

Демалыс күндері А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында «Google Meet» онлайн платформасы негізінде «А.Байтұрсынов: Ұрпақтар үні» халықаралық турнирі өтті. Пікірсайысқа Испания, Франция, Түркия, Чехия, Ресей елдерінің командалары қатысты. Турнирді Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубы ұйымдастырды.

Турнирдің басында қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик ұсынылды.

Қазылық етуге клубтың түлектері шақырылды, олар қатысушыларды құттықтап, өткен жылдардағы халықаралық турнирлерді еске түсіріп, барлығына сәтті және нәтижелі ойын тіледі.

Санкт-Петербург қаласының қатысушысы Элина Белай: «Мен осындай ауқымды шараға қатыстым. Басқа елдерден келген қатысушыларды көргеніме, Қазақстан туралы көптеген жаңа және қызықты деректермен танысқаныма қуаныштымын. Сіздерден жаңа турнирлерге шақыру күтемін,-деп өз әсерімен бөлісті.

Клуб түлегі Глеб Герт те әсерімен бөлісті: «Жаңа кездесулер, таныстығымыз үшін қуаныштымыз. Біз бірнеше ай бойы дайындалдық, басқа елдерден келген қатысушыларға пікірталас жүргізуге ыңғайлы болу үшін қарарларды таңдадық. Турнирдің барлық қатысушыларына рахмет айтқым келеді және жақын арада біз офлайн режимде кездесеміз деп үміттенемін».

Осылайша, Дарья Цавалюк (Мендель университеті, Брно қаласы (Mendelova univerzita v Brně, Чехия) және Аружан Кетебаева (Universidad de Jaèn, Испания) жеңімпаздар кубогының иегері атанды. 2 орынға Элина Белай мен Виктория Цвентарнаяның  командасы (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ресей) лайық деп танылды. Ал 3-ші орында Тамара Чепак (Башқұрт мемлекеттік университеті, Уфа) пен Артем Березаның (Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Уфа) командасы.

Сондай-ақ Ярослав Нидерер мен Саера Ушамовадан құралған команда (Экс-Марсель университеті (Aix-Marseille Université), Франция) финалға шықты.

«Ахмет Ұрпақтары» клубы - облыстағы мықты клубтардың бірі. Қала мен облыстағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне турнирлер ұйымдастыруға көмектесіп, оларға семинар-тренингтер өткізіп, оларды мүмкіндігінше пікірсайыс қозғалысына тартуға тырысады. Ал халықаралық турнирлер клуб мәртебесін көтереді және оларға шетелдік университеттердің қатысуы әр пікірсайысты одан әрі дамытуға ынталандырады.

Қабылдау комиссиясы