Internews пен ҚМУ - тәжірибе және ынтымақтастық

Читать: 1 мин

Бүгін Internews-тің Қазақстандық өкілдігі Zoom платформасында «Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған медиа сауаттылық» жаңа оқулығының жеке модульдерін және оны еліміздің жоғары оқу орындарында тестілеуді ұйымдастыруды талқылады. Оқу құралын Интерньюстің Қазақстандағы өкілдігі «Ақпаратқа қол жеткізу» жобасының аясында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының ғалымдары Г. Асанбаева, Б. Ахатова, С. Қажымұратовамен және Украиналық сарапшы С. Штурецкиймен бірігіп құрастырды. Елордалық және аймақтық университеттердің оқытушылары мен оқулық авторлары онлайн кездесіп, бір бағытта жұмыс жасады.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы оқу бағдарламаларын ұдайы жетілдіру үстінде. Сондықтан оқулықтардың авторларымен ынтымақтастық - бұл өз ұсыныстарын білдіруге және оқытылатын пәнге қатысты ғалымдарды тыңдауға тамаша мүмкіндік.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары Айнұр Сүлейменованың, Амангелді Шөрентаевтың, Мадина Болатова мен Алматай Жүсіпованың сөйлеген сөздері аудиторяның үлкен қызығушылығын тудырды. Олар журналистік пәндерді оқытуда көп функционалды ETutorium мультимедиялық қосымшасын және басқа да сандық технологияларды қолдана отырып, Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция барысында оқулықты жақсарту туралы көптеген қызықты ұсыныстар айтылды, «Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған медиа сауаттылық» оқулығы қазіргі жағдайға, яғни қашықтықтан оқытуға да бейімделетін болады. Сондай-ақ оқытушыларды оқулықтың қазақ тіліндегі нұсқасы қызықтырды. Қазір қолданылып жүрген жұмыс нұсқасы жетілдірілуде екен.

Журналисика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы онлайн-конференцияны ұйымдастырушыларға, атап айтқанда, Internews-тің Қазақстандағы өкілдігі мен Гүлнар Асанбаеваға алғыс білдіреді.

КГУ