Skip to content

Дәстүрге айналған кездесулер

2021 жылдың 26 қантар күні П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Арқалық қаласының орта мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу ZOOM платформасында өтті.

Кездесу модераторы: П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов. Кездесу барсында директор Институтттың білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің экономика және құқық институты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және әкімшілік бөлімшесі.

Институт қызметінің мақсаты - экономика және құқық, әлеуметтік салалардың қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті кадрлар даярлау.

Институтта экономикалық, заң және гуманитарлық бейіндегі кадрларды даярлау жоғары білімнің 10 білім беру бағдарламасы бойынша және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 14 бағдарламасы бойынша күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандары, негізгі және қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Содан кейін оқушыларға тәрбие жұмысы, студенттердің өмірі мен қызметі туралы, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер туралы ақпаратты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров таныстырды.

Спикерлер тыңдаушы аудиторияны институттың білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырды. Одан кейін білім бағдарламалары ұсынылды.

Бірінші болып «Құқықтану», «Халықаралық құқық» заң бағытының білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Айнур Майсатаева таныстырды.

Екінші болып экономика бағытындағы білім беру бағдарламалары ұсынылды. Экономикалық бағыттағы мамандықтар туралы экономика және қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Сетқали Төрежанов айтып берді. Сетқали Оразұлы «экономика», «қаржы», «құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламалары жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Оқушыларға «Журналистика» білім беру бағдарламасы туралы ақпаратты журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шөрентаев таныстырды.

Барлық қойылған сұрақтарға институт директораты мен оқытушылары толық жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға Институт пен Университеттің әлеуметтік желілеріне сілтемелер жіберілді.